Accessibility links

G7 саммитіне Ресей қатыспайды


G7 жетекшілері кездесуі. Гаага, 24 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

G7 жетекшілері кездесуі. Гаага, 24 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

G7 (Үлкен жетілік) саммиті Брюссельде (Бельгия астанасы) 4-5 маусым күндері өтеді және оған Ресей қатыспайды. Бұл туралы Еуропа кеңесі хабарлады.

Бұрын бұл саммит Ресейдің Сочи қаласында өтеді деп жоспарланған еді. Ресейдің Украинаның Қырым аймағын басып алуына байланысты G7 лидерлері Ресейді бұл ұйымның қатарынан шығаруға шешім қабылдаған.

Еуропа кеңесі ақпаратына қарағанда, Брюссельдегі саммит екі күнге созылады.

G7 саммитіне өнеркәсібі дамыған жеті ел - АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Италия және Жапония басшылары қатысады. Олардан бөлек, саммитке ЕО президенті Херман ван Ромпей мен Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу да қатысуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG