Accessibility links

Түркия АҚШ-тың «армян геноциді» қарарына наразы


«Армян геноциді» құрбандарын еске алуға келген армяндар. Ереван, 24 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Армян геноциді» құрбандарын еске алуға келген армяндар. Ереван, 24 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркия АҚШ сенаты қабылдаған «армян геноциді» туралы қарарға наразы.

Ол қарарда "Осман әскері бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1915 жылы - ред.) армяндарды жаппай қырғынға ұшыратқаны" айтылады.

Қарарға наразылығын Түркия 11 сәуір күні сыртқы істер министрлігі сайтына жариялады. Онда "АҚШ сенатының шешімі Анкара мен Вашингтонның қарым-қатынастарына зиян тигізеді" деп жазылған.

Ал Армения бұл қарарды қолдайды. Ол туралы Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян хабарлады. Налбандян "Бұл - тарихи әділдікті қалпына келтіру және адамзатқа қарсы қылмыстардың қайталануына жол бермеу жолындағы маңызды қадам" деген.

Армения өкілдері "Осман әскері 1 миллион 500 мыңдай армянды өлтірген, көптеген адамды отанынан жыраққа көшірген" десе, Түркия тарапы "қырғынды екі жақ та жасаған, оның кесірінен көптеген түріктер де қаза тапқан" дейді.
XS
SM
MD
LG