Accessibility links

Жаңа шабуылдан соң Украина төтенше кеңес өткізбек


Славянск қаласының полиция ғимаратын басып алған қарулы топ мүшелерінің бірі. 12 сәуір 2014 жыл.
Славянск қаласының полиция ғимаратын басып алған қарулы топ мүшелерінің бірі. 12 сәуір 2014 жыл.
Украинаның президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов елдің Қауіпсіздік кеңесінің төтенше кеңесін өткізу туралы жарлық берді. Кездесу Киев уақытымен сағат 21.00-ге белгіленді.

Турчиновтің мұндай шешім қабылдауына 12 сәуір күні Украинаның шығысындағы Донецк облысының бірнеше ауданында ресейшіл сепаратистердің белсенді әрекетке көшуі себеп болды. Аталған аймақтағы Славянск қаласының полиция басқармасын қарулы топ басып алған. Ресейшіл топ Донецкіден 100 шақырым жерде орналасқан осы қаланың әкімшілік ғимараттарын да күшпен басып ала бастаған. Қарулы топ қалаға кіретін жолдарға бақылау бекеттерін орнатқан.

Бұдан соң сепаратистер Донецкінің өзіндегі және Красный Лиман қаласындағы әкімшілік ғимараттарына да баса-көктеп кірген.

Украинаның ішкі істер министрі қызметін атқарушы Арсен Аваков бұл әрекетті "Ресейдің агрессиялық іс-қимылы" деп сипаттады. Ресей тарабы әзірше ресми түрде пікір білдірген жоқ.
XS
SM
MD
LG