Accessibility links

Украина қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті


Славянск қаласының милиция бөлімін басып алған қарулы топ мүшелері. 12 сәуір 2014 жыл.

Славянск қаласының милиция бөлімін басып алған қарулы топ мүшелері. 12 сәуір 2014 жыл.

Киевте Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың басқаруымен елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төтенше жиыны өтті. Бірақ онда қандай шешім қабылданғаны жөнінде ресми ақпарат айтылған жоқ.

Сенбі күні Украинаның шығысында Донецк облысының бірнеше ауданында ресейшіл сепаратистер белсенді әрекетке көшіп, билік ғимараттарына шабуылдаған. Славянск қаласында милиция бөлімі мен қалалық кеңесті қарулы топ басып алып, қалаға кіретін жолдарға бақылау бекеттерін орнатқан.

Украина ішкі істер министрі қызметін атқарушы Арсен Аваков бұл әрекеттерді «Ресейдің агрессиялық іс-қимылы» деп сипаттады.

Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлескен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер Киев Украинаның оңтүстік-шығысында билікке талап қойып жатқандарға күш қолданатын болса, ол келесі аптада Женевада төртжақты кездесу өткізуге кедергі болатынын ескерткен. Бұған дейінгі уағдаластық бойынша, АҚШ, Еуропа Одағы, Ресей және Украинаның қатысуымен сәуірдің 17-і күні Женевада Украинадағы дағдарысты реттеу жөнінде кездесу өткізу жоспарланған еді.
XS
SM
MD
LG