Accessibility links

Астанада бір күнде жеті адам биіктен құлаған


Астанадағы құрылыстардың бірі. (Көрнекі сурет)

Астанадағы құрылыстардың бірі. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Астанадағы құрылыс алаңдарында үш оқыс оқиға тіркелді, биіктен құлап кеткен жеті адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Жаңадан салынып жатқан «Миллениум парк» тұрғын үй кешені құрылысында «Фасад Экспо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш жұмысшысы 3-қабаттан құлап кеткен.

Қаладағы Ирченко мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тағы да сол «Фасад Экспо» ЖШС салып жатқан бір құрылыста үш жұмысшысы 9-қабаттан құлаған.

Түстен кейін Астанадағы мектеп құрылысында монтаждау жұмыстарын жасап жатқан «Либхер групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы 9 метрлік биіктіктен құлаған.
XS
SM
MD
LG