Accessibility links

АҚШ вице-президенті Украинаға барады


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден 22 сәуірде Украинаға сапармен барып, осы елдің билік және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Байден бұл сапарында «болашаққа таңдауын өзі жасаған біртұтас демократиялық Украинаға АҚШ қолдау көрсететінін» тағы да қуаттамақшы.

Киевте АҚШ вице-президенті Украина экономикасын тұрақтандыру және нығайту, сонымен бірге елде конституциялық реформалар жүргізу, коррупцияға қарсы күресті күшейту және 25 мамырға белгіленген президенттік сайлаудың еркін және әділетті өтуі үшін Украинаға халықаралық қауымдастық тарапынан не істелуі керектігі жайлы украин үкіметімен кеңесулер өткізеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден Украинаның қысқа және ұзақ мерзімдерге энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалуы тиіс шаралар туралы кеңеспекші.
XS
SM
MD
LG