Accessibility links

Сотталған адам Испаниядан экстрадицияланды


Қазақстанға Испаниядан экстрадицияланған Кемел Мәмбетов. Астана, 13 сәуір 2014 жыл. Қазақстан бас прокуратурасы сайтындағы сурет.

Қазақстанға Испаниядан экстрадицияланған Кемел Мәмбетов. Астана, 13 сәуір 2014 жыл. Қазақстан бас прокуратурасы сайтындағы сурет.

Бүгін Испаниядан Қазақстанға жеткізілген Келес Мәмбетов есімді азамат Астана қаласының тергеу абақтысына қамалды деп хабарлайды бас прокуратура.

Қазақстанда 2004 жылы қасақана кісі өлтірген деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған Мәмбетовтің 2007 жылы Испанияда жалған құжаттарды пайдаланып қылмыс жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылғаны туралы 2009 жылы Интерполдың Испаниядағы өкілдігі Қазақстан билігін хабардар еткен.

Екі мемлекеттің арасында экстрадициялау туралы келісім болмауына қарамастан, Астананың сұрауы бойынша Испания билігі «жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу жүргізу уақытына оны қазақстандық тарапқа берді» деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасы.

Қазақстанда жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2011 жылы 18 наурызда Келес Мәмбетовті 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Үкім заңды күшіне енген соң, алдын-ала келісімге сәйкес Қазақстан 2011 жылы мамыр айында Мәмбетовты Испанияға қайтарған. Испан соты белгілеген жазасын сол елде толық өтеген соң Мәмбетов Қазақстанға экстрадицияланған. Бұл шешім «2012 жылы жасалған мелекетаралық келісімге сәйкес қабылданды» делінген Қазақстан бас прокуратурасының ақпаратында.
XS
SM
MD
LG