Accessibility links

Македониялық албандар президент сайлауына қатыспады


Македония президенті Георге Иванов сайлауда дауыс беріп тұр. Скопье, 13 сәуір 2014 жыл.
Македония президенті Георге Иванов сайлауда дауыс беріп тұр. Скопье, 13 сәуір 2014 жыл.
Македониядағы албандар 13 сәуірде өткен президент сайлауына бойкот жариялады. Македония халқының төрттен бірін құрайтын этникалық албандар елдің батыс және солтүстік облыстарында дауыс беруге қатыспады. Мұнда этникалық албандар халықтың басым көпшілігін құрайды.

Этникалық албандардың мүддесін қорғайтын, үкіметтегі коалиция құрамындағы Демократиялық одақ жақтастарын сайлауға қатыспауға шақырған. Бұған басқарушы консервативтік ВМРО-ДПМНЕ партиясының Демократиялық одақтың бір ғана кандидат ұсыну туралы талабын қабылдамай тастауы себеп болған.

Қазіргі президент, ВМРО-ДПМНЕ партиясының өкілі Георге Иванов екінші мерзімге президент болып сайланғысы келеді. Оның басты қарсыласы Стево Пендаровскиді оппозициялық Социал-демократиялық партия қолдайды.

Қоғамдық пікір нәтижесі бойынша, екі кандидат та сайлаудың 27 сәуірге белгіленген екінші кезеңіне шығуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG