Accessibility links

Минск Украинада федерациялық жүйе болуына қарсы


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаның территориялық тұтастығын қолдап, бұл елдің федерациялық мемлекетке айналуына "түбегейлі қарсы" екенін мәлімдеді.

Ресейдің НТВ телеарнасына берген сұхбатында Лукашенко федерациялық жүйеге ауыстыру "елді бөлшектеп, Украина мемлекетін жойып жіберетінін" айтты.

Ол "Мен Украинаның біртұтас, мызғымас болғанын қолдаймын" деді.

Лукашенко Беларусь, Ресей және батыс елдері үшін Киевті федералдық мемлекетке айналдыруға итермелеу қауіпті деген пікір айтты.

Украинаның шығысында ресейшіл белсенділер мен сепаратистер елді федералдық мемлекетке айналдыруға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG