Accessibility links

Мәскеуде сөз бостандығына қатысты марш өтті


Мәскеуде өткен марш. 13 сәуір 2014 жыл.
Мәскеуде өткен марш. 13 сәуір 2014 жыл.
Мәскеуде 13 сәуірде бірнеше мың адам үкіметтің тәуелсіз баспасөз құралдарына қысым жасау саясатына және Украинадағы жағдай туралы ресейлік ақпарат құралдарындағы хабарлар мазмұнына наразылық білдіріп, марш өткізді.

Мәскеудің орталығында өткен шеру "Ақиқат маршы" деп аталды.

Маршқа жиналғандар алдында сөйлеген тарихшы Андрей Зубов телеарналарда ресейліктерге "жалған ақпарат тарату арқылы" үкімет елді құрдымға бастап барады" деді.

Зубов бұған дейін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында қызмет істеген еді. Ақпан айының соңында Ресей президенті Владимир Путиннің Қырымды аннексиялап алу саясатын Адольф Гитлердің 1938 жылы Австрия мен Чехословакияны қосып алуымен салыстырған мақала жариялап, қызметінен кеткен.

Ресей мемлекетітк телеарналары Украинаның жаңа үкіметін "фашистер билігі" деп сипаттайды.

Кремль тәуелсіз ақпарат құралдарына қысым жасау немесе цензура орнату саясатын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG