Accessibility links

Александр Турчинов Пан Ги Мунмен сөйлесті


Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов (сол жақта) пен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Киев, 21 наурыз 2014 жыл.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов (сол жақта) пен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Киев, 21 наурыз 2014 жыл.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесіп, елдің шығысында бітімгершілік контингентінің қатысуымен бірлескен операция өткізуді ұсынды.

Украина парламенті - Жоғарғы Раданың хабарлауынша, Турчинов "елдің шығысында бірлескен антитеррористік операция жүргізу сарапшылар мен бақылаушылардың украин билігі әрекеттерінің заңдылығына көзін жеткізген болар еді" деген.

Пан Ги Мун Турчинов пен украин халқын "толықтай қолдайтынын" білдірген. Ол Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешу үшін қолынан келетіннің барлығын орындауға уәде берген.
XS
SM
MD
LG