Accessibility links

Украинада антитеррорлық операция басталды


Ресейшіл қарулы топтар Славянск қалалық әкімшілігін қоршап тұр. Донецк облысы, Украина, 14 сәуір 2014 жыл.

Ресейшіл қарулы топтар Славянск қалалық әкімшілігін қоршап тұр. Донецк облысы, Украина, 14 сәуір 2014 жыл.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Украинаның шығысында арнайы операция бастау туралы жарлық шығарды. Жарлық "Террористік қауіп-қатерлердің алдын-алу және Украинаның территориялық тұтастығын сақтау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" деп аталады.

Арнайы операцияның орындалуын бақылау Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубийге жүктелген. Турчинов арнайы операцияны жүргізу штабын басқарады. Операцияға басшылық жасау Украина қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары Василий Крутовқа тапсырылды.

Бұған дейін Турчинов антитеррористік операцияларға Украина қарулы күштері де қатысатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG