Accessibility links

Кеден Одағы елдері үкімет басшылары кездеседі


Солдан оңға қарай: Беларусь премьері Михаил Мясникович, Ресей премьері Дмитрий Медведев және Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов. Санкт-Петербург, 15 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Солдан оңға қарай: Беларусь премьері Михаил Мясникович, Ресей премьері Дмитрий Медведев және Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов. Санкт-Петербург, 15 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Мәскеуде Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Ресей үкіметінің жетекшісі Дмитрий Медведев және Беларусь премьер-министрі Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасын талқылайды.

Бұдан өзге, Ресей премьері Қазақстан және Беларусь үкімет жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізбек.

Ресей үкіметінің аппаратына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлауынша, үкімет басшылары келісім жобасының әлі келісілмей жатқан тұстарын қарайды". Жобада негізінен Кеден Одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аумағында тауар, қызмет көрсету, капитал мен жұмысшы күшінің еркін айналымына қатысты келісілмеген тармақтар бар.

Биыл мамыр айында Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері үш ел интеграциясының Кеден Одағынан кейінгі кезеңі - Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім-шартты соңғы рет пысықтап, қол қоюды жоспарлап отыр.

Келісім-шарттың 800 беттік жобасы интернетте жарияланды. Ресей экономикалық даму министрлігінің сайтында жарияланған нұсқасында Кеден Одағына мүше елдердің ескертпелері бар. Қазақстан да кейбір мәселелер бойынша келіспейтінін білдіріп, ескертулер жасаған.

Ал Украинадағы дағдарыс күшейе түскен соң Қазақстандық кейбір саясаткерлер "Еуразиялық интеграцияны тежей тұру" туралы айта бастаған. Қазақстанда бірқатар қоғамдық ұйымдар мен белсенділер елдің бұндай одаққа қосылуына қарсылық білдіріп келеді.
XS
SM
MD
LG