Accessibility links

Украина әскері іс-қимылға әзір күйге келтірілді


Донецк облысында жүрген украиналық әскерилер. 13 сәуір 2014 жыл.
Донецк облысында жүрген украиналық әскерилер. 13 сәуір 2014 жыл.
Украина қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Михаил Коваль бүгін елдің әскері Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қойған тапсырманы орындауға дайын болуы үшін толықтай әскери дайындыққа келтірілгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, заң бойынша қарулы күштер антитеррорлық операция шеңберінде елде әскери жағдай жарияланбай-ақ іс-қимылға кірісіп кете алады.

14 сәуірде президент міндетін атқарушы Александр Турчинов Украинаның шығысында армияның қатысуымен антитеррорлық операция жүргізу туралы жарлық шығарған еді.

Украинаның шығыс облыстарында ресейшіл белсенділердің наразылықтары жалғасып жатыр. Ресейшіл сепаратистер Донецк, Луганск және Харьковтегі әкімшілік ғимараттарын басып алған. Донецк облысының Краматорск, Славянск, Мариуполь және Горловка қалаларында да наразылық күшейіп тұр. Ресейшіл сепаратистер Украинада елде бақсарудың федералдық жүйесін орнату жайлы референдум өткізуді талап етеді.

Украина президенттігінен үміткер, "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко халықтық қарсыласу қозғалысын құрғаны туралы және оны өзі басқаруға дайын екенін мәлімдеді. Тимошенконың айтуынша, қозғалысқа әскери қимылдарға қатысқан, тәжірибесі бар әскерилер мен бұрынғы арнайы жасақ сарбаздары кіруі тиіс.
XS
SM
MD
LG