Accessibility links

Нигерияда жүзден аса оқушы ұрланды


Африка картасында қою түске боялған - Нигерия жері. (Көрнекі сурет)
Африка картасында қою түске боялған - Нигерия жері. (Көрнекі сурет)
Нигериядағы мектептердің бірінде 100-ден астам оқушы ұрланды. Нигерия билігінің мәлімдеуінше, 14 сәуірде қарулы адамдар Борно провинциясының Чивок елді мекенінде мектепке басып кірген. Мектеп күзетшілерінің қарсылығын еңсерген топ мектепке өздерімен бірге 100-ден астам оқушы қызды күшпен алып кірген.

Бұл адамдар елдің осы аймағында бірнеше мектепке шабуыл жасаған исламшыл "Боко харам" экстремистік тобының мүшелері болуы мүмкін деген болжам бар.

Топ мүшелерінің бұған қоса 14 сәуірде ел астанасы Абуджа қаласының маңындағы автобус вокзалында болған жарылысқа да қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Ол жарылыстан 70-тен астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG