Accessibility links

Украина әскері Краматорск әуе базасын қайтарды


Украина армиясы Краматорск әуе базасында. Донецк облысы, 15 сәуір 2014 жыл.

Украина армиясы Краматорск әуе базасында. Донецк облысы, 15 сәуір 2014 жыл.

Украина армиясы Донецк облысының Краматорск қаласындағы шағын әскери әуе базасын бақылауына алды. Армия әуе базасын президенттің міндетін атқарушы Александр Турчинов ресейшіл сепаратистер бірқатар үкімет ғимараттарын басып алған елдің шығысында арнайы операция басталғанын хабарлаған соң шабуылмен қайтарып алды.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Краматорскіде атыс болған. Бірақ құрбан болғандар туралы деректер бір-біріне қарама-қайшы. Ресейлік ақпарат құралдары төрт адам қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Бірақ ресми Киев "базаны қайтару кезінде ешкім құрбан болған жоқ, тек базаны басып алған бірнеше адам тұтқындалды" дейді.

Донецк облысының Славянск қаласында да антитеррорлық операция жүріп жатыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлескен Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ мен халықаралық қауымдастықты "Украинаның іс-қимылын айыптауға" шақырды. Вашингтон Киевтің ресейшіл сепаратистерге тойтарыс беруін қолдайтынын білдірді.
XS
SM
MD
LG