Accessibility links

Ирак Әбу-Грейб түрмесін жаппақ


Әбу-Грейб түрмесінен бостандыққа шығуын күтіп тұрған тұтқындар. Ирак, маусым, 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Әбу-Грейб түрмесінен бостандыққа шығуын күтіп тұрған тұтқындар. Ирак, маусым, 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирак билігі танымал Әбу-Грейб түрмесін жабатынын хабарлады. Ирактың әділет министрлігі таратқан арнайы мәлімдемесінде бұл шешім "түрме қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алдын-алу шараларының бір бөлігі" ретінде түсіндірілген. Түрмедегі 2400 тұтқын басқа колонияларға ауыстырылмақ.

Әбу-Грейб түрмесі Ирактың батысындағы Анбар провинциясында орналасқан. Мұнда бірнеше айдан бері үкімет күштері мен сүнниттік қарулы топтар арасында қақтығыс жүріп жатыр. France Press агенттігінің хабарлауынша, түрменің уақытша немесе біржолата жабылатыны белгісіз.

Өткен жылы шілдеде содырлар Әбу-Грейб түрмесі мен тағы бір түрмеге шабуыл жасап, жүздеген тұтқынды босатқан еді.

Саддам Хусейннің билігі тұсында Әбу-Грейб түрмесінде мыңдаған адам азаптауға ұшыраған. Хусейннің билігі құлатылған соң 2003 жылы америкалық сарбаздар азаптауға ұшыраған тұтқындармен бірге суретке түскен.
XS
SM
MD
LG