Accessibility links

Украина газды Германиядан ала бастады


Киев түбіндегі газ станциясы құбырындағы өлшегіш аспап. 4 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Киев түбіндегі газ станциясы құбырындағы өлшегіш аспап. 4 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Германияның RWE энергетикалық компаниясы Украинаға газ тасымалдай бастады.

Ресей бұған дейін екі ел арасындағы қатынас шиеленісе бастағанда Украинаға тасымалдайтын газдың бағасын күрт қымбаттатып жіберген еді. Мәскеу Киев егер бұған дейін тұтынған газының қарызын қайтармаса, Украинаға газ тасымалдауды тоқтататынын ескерткен.

RWE компаниясының мәлімдеуінше, газ Украинаға 15 сәуірден бастап Польша арқылы тасымалдана бастаған. Компания 2012 жылы жасалған келісім бойынша Украинаны жылына 10 миллиард текше метр газбен қамтамасыз етеді.

RWE Украинаға газ тасымалдаған еуропалық алғашқы компания болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG