Accessibility links

Қызылордада уланған сарбаздар саны 52-ге жетті


Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет)
Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет)
Қызылорда қаласында улану белгісімен дәрігерге қаралған ішкі әскер сарбаздарының саны 52-ге жетті деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігіне (ІІМ) сілтеме жасаған жергілікті баспасөз құралдары.

13 сәуірде Қызылорда қаласындағы ІІМ-не қарасты №5547 әскери бөлімінің 36 әскери қызметкері уланыу белгісімен облыстық инфекциялық ауруханаға түскені хабарланған еді. 15 сәуірде уланған сарбаздар саны 47-ге жеткен. Әскерилер сапасыз ауыз судан уланған болуы мүмкін деген болжам бар.

"Қазір ауруханадағы әскерилер қажетті ем-домын алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайлар бірқалыпты. Ал әскери бөлімде дәрігерлер әскерилерді медициналық тексеруден өткізіп жатыр" дееп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Бұған қоса, әскери бөлімде ауыз су құбырлары мен азық-түлік орындары тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG