Accessibility links

Женевада Украинаға қатысты келіссөздер өтеді


Ресейшіл сепаратистер Донецк қалалық әкімшілігін басып алды. Украина, 16 сәуір 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер Донецк қалалық әкімшілігін басып алды. Украина, 16 сәуір 2014 жыл.

АҚШ, Ресей, Украина және Еуропа Одағының жоғары лауазымды шенеуніктері бүгін Женевада Украина дағдарысына арналған кездесулер өткізеді.

Швейцариядағы кездесу Украинаның шығысындағы бірнеше қалада ресейшіл сепаратистердің белсенді әрекет ете бастағанына байланысты ұйымдастырылып отыр.

16 сәуірде Украинаның Краматорск қаласында ресейшіл сепаратистер украиналық алты бронды техниканы экипажымен қолға түсірген. Донецкіде белсенділер қалалық әкімшілікті басып алды.

Женеваға барған Украина сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Андрей Дещица Мәскеуден Украинадағы "террористік әрекеттерді" қолдауды доғарып, шекарадан ресей әскерін әкетуді талап етті. Ол Киевтің Кремльмен келіссөздерге дайын екенін, бірақ Ресейдің Украина билігіне елді қалай басқару туралы әмірін жүргізуге хақы жоқ екенін ескертті.

Женевада өтетін келіссөздерге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де қатысады.
XS
SM
MD
LG