Accessibility links

Славянскідегі әскер


16 сәуір күні Украинаның Донецк аймағындағы Славянск қаласына барған Украина солдаттары билік ғимараттарын басып алған жергілікті ресейшіл тұрғындар жағына шығып кетті. Жергілікті милиция өкілі «Әскери көліктер - Днепропетровскідегі Украина әуе десанты 25-бригадасының техникасы. Олар бес минуттық әңгімеден кейін біздің жағымызға өтті» деді. Ол әскери техникаға жергілікті милиция шабуыл жасамас үшін Ресей тулары ілінгенін айтты. Украина солдаттарының бірі «Біз үкіметтің қылмыстық бұйрықтарын орындамаймыз, халықпен біргеміз» деді. Славянск маңында Украинаның басқа бір әскери құрылымы - Ұлттық гвардия «терроризмге қарсы операцияны» жүзеге асыру үшін бұйрық күтіп тұр.

XS
SM
MD
LG