Accessibility links

БҰҰ Украина жағдайын талқылады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Украинадағы жағдайға байланысты жиыны. Нью-Йорк, 13 сәуір 2014 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Украинадағы жағдайға байланысты жиыны. Нью-Йорк, 13 сәуір 2014 жыл.

БҰҰ бас хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Иван Симонович Украинаның шығысындағы жағдайлар "тұтас елді тұрақсыздыққа ұрындыру қаупі бар" деп мәлімдеді.

16 сәуірде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде адам құқықтары жайында баяндама жасаған Симомнович Украинадағы соңғы жағдайларға ерекше тоқталды. Ол Украинаның шығысындағы қарулы көтерілісшілер әрекеттері тоқтатылып, "жалпыұлттық, парасатты диалог жүргізу қажеттігін" айтты.

БҰҰ баяндамасында Ресейдің "Украинадағы этникалық орыстар қысым көріп отыр" деген алаңдаушылығын жоққа шығарады.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин адам құқықтары жөніндегі баяндаманы "біржақты даярланған" деп сипаттады.

Ал Ұлыбритания өкілі Марк Лайалл Грант Ресейдің Украинадағы жағдайды түсіндіруін "ойдан шығарылған фантазия" деп атады.

АҚШ өкілі Саманта Пауэр Мәскеуді Украинада "тыңғылықты түрде арандатушылық компаниясын ұйымдастырып отыр" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG