Accessibility links

Ақсудағы жол апаты құрбандары саны 4 адамға жетті


Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодар облысында жол-көлік апаты салдарынан қаза болғандар саны төрт адамға жетті.

Апат кезінде ауыр жарақат алған жас азамат сәрсенбі күні операцияны көтере алмай ауруханада қайтыс болғаны хабарланды.

Апаттан зардап шеккен тағы бір бозбала ауруханада хал үстінде жатыр. Бұған дейін екі адам ауруханада, бір адам – апат орнында жан тәсілім еткені туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болғандар 17 мен 19 жас аралығындағы жастар.

15 сәуірде Ақсу қаласында ферроқорытпа зауытынан өндірістік тәжірибеден қайтып бара жатқан лицей оқушылары мінген шағын автобусты темір жолдан өтерде тепловоз соғып кеткен еді. Автобуста сегіз оқушы отырған.

Алдын ала болжам бойынша, шағын автобус жүргізушісі теміржолмен келе жатқан тепловозға жол бермей, одан бұрын өтіп кетпек болған.
XS
SM
MD
LG