Accessibility links

Келімбетов: Банктер міндеттерін орындамай отыр


Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
Қазақстан банкілері қазіргі сәтте өздерінің негізгі міндеттерін атқармайды, яғни ел экономикасын қаржыландырмай отыр деп мәлімдеді бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, бұдан он жыл бұрын, Қазақстанның банк жүйесі ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шыққан кезде, отандық банктердің активтік табысы 50-60 пайыз деңгейінде болса, қазір бұл көрсеткіш кемшін болып қалып отыр.

Қазақстан банктері мен ресейлік банктердің тиімділігін салыстырған Ұлттық банк төрағасы «әдеттен тыс үстемділік жоғын» айтып, отандық банктердің «нашар активтер проблемасын шешуге малтығып қалғанын» атап өтті.

Қазақстандық банктер «нашар активтер проблемасын 2016 жылғы қаңтарға дейін шешуі тиіс» деп ескертті Келімбетов.
XS
SM
MD
LG