Accessibility links

Алжирде президент сайлауы өтіп жатыр


Әбделазиз Бутефлика (сол жақта) кезекті президент сайлауында дауыс беріп тұр. 2009 жылы түсірілген сурет.
Әбделазиз Бутефлика (сол жақта) кезекті президент сайлауында дауыс беріп тұр. 2009 жылы түсірілген сурет.
Бүгін Алжирде ел азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр.

Бұл орынға сайлануға бәсекеге түсіп жатқан алты кандидаттың арасында елдің қазіргі президенті – 77 жастағы Әбделазиз Бутефлика да бар. Ол Алжирді 1999 жылдан бері басқарып отыр.

Оппозиция халықты бұл сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

Алжирде сайлау құқығына ие азаматтар саны 23 миллионға жуық. Сайлау кезіндегі тәртіпті қамтамасыз етуге 260 мың полиция қызметкері жұмылдырылған.
XS
SM
MD
LG