Accessibility links

Турчинов: Қаруын берген әскерилер сотқа тартылады


Бүгін Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов Славянскіде қаруларын тапсырған 25-ші әуе-десант бригадасының әскери қызметкерлері «сот алдында жауап беретінін» мәлімдеді.

Сәрсенбі күні баспасөз құралдары Славянск маңына жеткізілген 25-ші әуе-десант бригадасының бөлімшелері қалада билік ғимараттарын басып алған сепаратистер жағына шығып кеткенін хабарлаған еді.

Украина қорғаныс министрлігінің деректері бойынша, қазір Славянскіде алты әскери десант машинасы кешеден бері қарулы топтың қолында қалып отыр. 16 сәуірде Краматорск қаласы маңындағы Пчелкино елдімекені жанында ресейшіл белсенділер тоқтатқан 15 броньді техника Днепропетровск облысындағы өздерінің тұрғылықты базасына қайтқан. Әскерилерді техникасымен бірге босату туралы ресейшіл белсенділер және қарулы топ мүшелерімен келіссөздерді Украина әскери-десант күштері қолбасшысы полковник Александр Швец жүргізген.

Ресейшіл тұрғындар наразылығы етек алған Донецк облысындағы Краматорск қаласына 25-ші әуе-десант бригадасының сарбаздары Украина билігі жариялаған антитерролық операцияға қатысуға жіберілген еді.
XS
SM
MD
LG