Accessibility links

Келімбетов: Банктерге талап күшейтілмек


Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Ұлттық банк Қазақстан банктерінің ең төменгі капитал мөлшерін 10 миллиард теңгеден 100 миллиард теңгеге дейін көбейтуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады.

Оның сөзінше, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген жағдайда қазақстандық банктер "бәсекеге қабылетті болуы тиіс".

"Біздің ойымызша, бұл жаңа талаптарға елімізде тек 15-20 банк қана сай келеді. Бұл талап - басқа банктерді жабу деген сөз емес. Өзге банктерге бұл кезеңде интеграциялануға, я бірігуге мүмкіндік туады" деді ол.

Қазір Қазақстанда екінші деңгейдегі 38 банк жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG