Accessibility links

Женевада Украинаға қатысты келісім жасалды


Украина мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушылар. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.

Украина мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушылар. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.

Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы өкілдері Женевадағы келіссөздерде Украинадағы дағдарысты шешу шараларын жасау туралы келісімге келгенін хабарлады.

17 сәуірде күні бойы жүргізілген келіссөздер қортындысында тараптар Украинадағы барлық заңсыз қарулы топтарды үкімет ғимараттарын басып алуды тоқтатып, зорлық-зомбылықты доғаруға және өздігінен тарауға шақырды.

Украина билігі тәртіпсіздіктер кезінде үкімет ғимараттары мен кейбір нысандарды басып алғандарға рақымшылық жариялауға келісті. Тек ауыр қылмыс жасағандарға ғана рақымшылық болмайды.

Төрт тарап өкілдері бұған қоса Украинадағы шиеленісті бәсеңсіту процесін бақылау үшін бұл елге ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясын жіберуге келісті.
XS
SM
MD
LG