Accessibility links

Габриэль Гарсиа Маркес дүние салды


17 сәуірде 87 жасында колумбиялық танымал жазушы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес қайтыс болды.

Габриэль Гарсиа Маркестің ең танымал еңбегі - "Жүз жылдық жалғыздық" деп аталады. Жазушы шығармаларында әдебиеттегі "магиялық реализм" бағытын ұстанған. Бұл бағыт күнделікті өмірдің көріністері мен фантастикалық элементтердің қабыса бейнелеуінен туындаған. Оның шығармаларында төтенше, өзгеше заттар күнделікті, әдеттегі дүниелер сияқты көрініс тапқан.

1927 жылы 6 наурызда Кариб теңізі жағалауындағы Колумбияның шағын Аракатака қаласында өмірге келген жазушы Мехикодағы үйінде өз отбасы ортасында дүниеден өтті.

Жазушы өткен аптада ауруханадан шыққан болатын. Дәрігерлер оның өкпе қабынуы дертінен емделгенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG