Accessibility links

Алматы қаласы аумағы кеңейді


Алматы қаласының картасы.

Алматы қаласының картасы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының аумағын кеңейту туралы жарлық шығарды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

16 сәуір күні қол қойылып, 17 сәуір күні жарияланған жарлықта Алматы қаласы аумағын Алматы облысының жалпы аумағы 23 мың 200 гектар жерін қосу арқылы кеңейту туралы айтылған. Құжат бойынша, Алматыға Алматы облысының Іле ауданының 604,6 гектар, Қарасай ауданының 16069,7 гектар және Талғар ауданының 6525,7 гектар жері қосылады.

Жарлық ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG