Accessibility links

Обама: Ресей келісімде тұрмаса тағы санкция саламыз


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сөйлеп тұр. Вашингтон, 17 сәуір 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сөйлеп тұр. Вашингтон, 17 сәуір 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Женевада Украинаға қатысты келісімге қол жеткізу "бұл елдегі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге жол ашады" деп мәлімдеді.

17 сәуірде Ақ үйде сөйлеген Обама енді Мәскеу Украинада "арандатушылық әрекеттерде пайдаланған ықпалын тәртіп орнатуда пайдалана ма" деген сұрақ маңызды болатынын айтты. Ол қазір одақтастарымен егер Женевада қол жеткен уағдаластық орындалмайтын болса Ресейге қарсы басқа да санкциялар салу жайын қарастырып жатқанын хабарлады.

АҚШ президенті Ресейдің бұған дейінгі әрекеттеріне қарап, келісімнің орындалуына күмән келтіре сөйледі.

17 сәуірде Женевада кездескен Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы өкілдері Украинадағы дағдарысты реттеу шараларын қабылдауға уағдаласқан. Тараптар Украинадағы барлық заңсыз қарулы топтарды үкімет ғимараттарын басып алуды тоқтатып, зорлық-зомбылықты доғаруға және өздігінен тарауға шақырды.

Украина билігі тәртіпсіздіктер кезінде үкімет ғимараттары мен кейбір нысандарды басып алғандарға рақымшылық жариялауға көнді. Тек ауыр қылмыс жасағандарға ғана рақымшылық болмайды деп ескертті.

Төрт тарап өкілдері бұған қоса Украинадағы шиеленісті бәсеңсіту процесін бақылау үшін бұл елге ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясын жіберуге келіскен.
XS
SM
MD
LG