Accessibility links

"Правдивая газета" туралы сот шешімі күшінде қалды


"Правдива газета" басылымының редакторы Розлана Таукина. Алматы, 10 ақпан 2014 жыл.
"Правдива газета" басылымының редакторы Розлана Таукина. Алматы, 10 ақпан 2014 жыл.
Алматы қаласының апелляциялық соты оппозициялық "Правдивая газета" басылымын жабу туралы бұған дейін шыққан сот шешімін күшінде қалдырды. Алматы қалалық соты апелляциялық алқасының судьясы Інжу Әлихан "Правдивая газетаның" редакторы Розлана Таукинаның Бостандық аудандық сотының газетті жабу туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

Судья Інжу Әлихан аудандық соттың шешімі бірден күшіне енетінін де хабарлады. Ол апелляциялық алқа шешіміне қатысты кассациялық шағым түсіруге болатынын ескертті.

Бостандық ауданының соты 24 ақпанда аудан прокурорының "Правдивая газетаны" өткен жылы үш рет әкімшілік санкцияға ұшырағанын айтып, газетті жабу туралы туралы сұрауын қанағаттандырған еді.

Басылым редакторы Таукина апелляциялық сот шешімінің үстінен кассациялық шағым түсіретінін айтады.

"Правдивая газета" - Қазақстанда 2012-2013 жылдары оппозициялық ақпарат құралдарының көпшілігі жабылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған санаулы басылымдардың бірі еді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарының жабылуы мен баспасөз бостандығына қысымды "саяси репрессия" деп атаған.
XS
SM
MD
LG