Accessibility links

Астрономдар галактикадан Жерге ұқсас ғаламшар табылғанын хабарлады. Жерден 10 пайызға үлкен ғаламшарды НАСА-ның Жер орбитасына шығарған "Кеплер" телескопы түсіріп алған. "Кеплер-186а! деген шартты атауға ие ғаламшар Жерден 500 жарық жылы шамасында қашық.

НАСА жанындағы Эймс зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Элиза Кинтананың айтуынша, ғаламшар Жерден үлкен және ол Жер айналатын Күннен әлдеқайда кіші жұлдызды айналады. Ол жаңа ғаламшар өзі айналатын жұлдыздан қашық орналасқандықтан онда тіршілік үшін қолайлы және онда қатты суық та емес, қатты ыстық та емесін айтады.

2009 жылы ұшырылғалы бері "Кеплер" телескопы 961 ғаламшарды анықтады.
XS
SM
MD
LG