Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасында бір адам жараланған


Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы. (Көрнекі сурет).
Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы. (Көрнекі сурет).
Қазақстан мемлекеттік шекарасын Қырғызстан жағынан кесіп өтпекші болғанда ұсталған он адамның бірі шекарашыларға қарсылық көрсеткен кезде жараланған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Ресми ақпаратта "Қордай шекара отрядының "Бетқайнар" шекара комендатурасының наряды Қырғызстаннан Қазақстанға Шу өзені арқылы контрабандалық тауар алып өтпек болған белгісіз бір топ азаматты ұстады. Ұстау кезінде олар қарсылық көрсетіп, шекарашылар қару қолданды. Бір азамат оқ тиіп жараланды" делінген.

Ұсталғандардың бесеуі Қырғызстанның, бесеуі - Қазақстан азаматы екені айтылып отыр.

"Оқ сол көзін жанай тиген адам - Қазақстан азаматы, Қордай ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілген оның жағдайы тұрақты" деп хабарлады жергілікті баспасөз құралдары.
XS
SM
MD
LG