Accessibility links

Украинада болашақ конституцияның жобасы айтылды


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк пен президент міндетін атқарушы Александр Турчинов телевизиялық үндеу арқылы азаматтарды елде болатын конституциялық реформа жоспарымен таныстырды.

Жұма күнгі үндеуде Яценюк "кешенді конституциялық реформа аясында елдегі биліктің орталықсыздандырылатынын, аймақтардағы билік пен жергілікті кеңестердің құзырлары кеңейтілетінін" хабарлады.

Яценюк конституцияға енгізілетін өзгерістерді айта келіп, "Біз орыс тілін қорғау үшін оған ерекше мәртебе мен кепілдіктер береміз" деп мәлімдеді.

Яценюк халықты бірлікке шақырып, күш қолданудан аулақ болуға үндеді. Премьер бұдан бөлек, елдің шығыс аймақтарындағы қарсылық акцияларынан полиция ұстаған азаматтарға рақымшылық жариялатынын айтты.
XS
SM
MD
LG