Accessibility links

Атырау облысында пойыз қатынасы қалпына келді


Атырау облысының картасы. (Көрнекі сурет)
Атырау облысының картасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 19 сәуір күні кешкі сағат 17:55-те Атырау облысындағы теміржолдың «Сағыз-Мақат» бөлігінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен.

Ақпараттарға қарағанда, жеті адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Жолаушыларды апатқа ұшыраған пойыздан эвакуация жасаған. КазТАГ агенттігінің хабарлауынша, апаттан зардап шеккендердің жалпы саны 30-дан асады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпараттарға қарағанда, теміржолдың «Сағыз-Мақат» бөлігіндегі пойыз қатынасы 20 сәуір күні таңғы сағат 6.00-де қалпына келтірілген. Апат кесірінен он шақты пойыздың жүру кестесі бұзылған.
XS
SM
MD
LG