Accessibility links

Оңтүстік Кореяда азаматтар полициямен қақтығысты


Құтқарушылар суға батқан кеменің орнынан табылған мәйітті әкетіп барады. Оңтүстік Корея, 20 сәуір 2014 жыл.

Құтқарушылар суға батқан кеменің орнынан табылған мәйітті әкетіп барады. Оңтүстік Корея, 20 сәуір 2014 жыл.

Құтқарушылар Оңтүстік Кореяда суға батқан кеме орнынан жолаушылардың мәйіттерін тауып жатыр. Мұның алдында 268 адам із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызылған еді. Жоғалды деп жарияланған жолаушылардың жүздеген туыстары полициямен қақтығысты.

20 сәуір күнгі соңғы ақпараттар бойынша қаза тапты деп жарияланған саны 49 адамға жеткен. Бортта 476 адам болған. 250 адам әлі де жоғалғандар қатарында саналып отыр. Олардың түгелге жуығы - Ансан қаласының жоғары сынып оқушылары. Мектеп директорының орынбасары 18 сәуір күні өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Кеме капитаны мен экипаждың екі мүшесі тұтқындалды.

Жолаушылар кемесінің суға батқаны туралы ақпарат 16 сәуір күні тараған елді. 179 адам құтқарылды. 19 сәуір күні 28 адам қаза тапты деп хабарланып, 268 адам із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызылған еді.
XS
SM
MD
LG