Accessibility links

Ресей: Қырымның үш мың тұрғыны ғана азаматтық алғысы келмейді


Қырым тұрғындары. 19 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырым тұрғындары. 19 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей миграциялық қызметі "Қырымның үш мың тұрғыны ғана Ресей паспортын алғысы келмейді" деп хабарлады.

Ресей миграциялық қызметінің басшысы Константин Ромодановский 19 сәуір күні "агенттіктің Қырым тұрғындары үшін 250 мың Ресей паспортын дайындап қойғанын" мәлімдеді.

Агенттік "Қырым тұрғындары үшін 1 миллион 700 мың Ресей паспорты әзірленетінін" айтады. Ромодановский "өтпелі кезеңнің 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін созылатынын" хабарлаған. Осы уақыт ішінде Қырым тұрғындарынан міндетті тіркеу талап етілмейді.

Украина ақпарат құралдары 18 сәуір күні Қырым татарларының лидері Мұстафа Жемилевтің "Қырым тұрғындарының құжаттарын барлық көшелерде тексеріп жатқанын" хабарлағанын айтты. Жемилевтің сөзіне қарағанда "Ресей азаматтығын алғысы келмейтін Қырым татарларына жұмыстан шығарылатындары ескертілген".

2014 жылы наурыз айында Украинаның Қырым түбегін Ресей аннексиялап алған еді.
XS
SM
MD
LG