Accessibility links

Украина әскери кемелері Қырымнан Одессаға кетеді


Украина теңіз жауынгерлері қалғысы келетін әріптестерімен қоштасып жатыр. Севастополь, 4 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина теңіз жауынгерлері қалғысы келетін әріптестерімен қоштасып жатыр. Севастополь, 4 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина Ресей қосып алған аймағы - Қырымдағы әскери кемелерін әкетеді.

Бұл туралы 19 сәуір күні Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчиновтің кеңсесі хабарлады. Қырымнан шығарылатын әскери кемелер қатарында "Кировоградский" десант кемесі, "Винницкий" корветі және "Золотоноша" әскери кемесі бар. Олар Одессаға аттанбақ.

Бұдан бөлек, Украина Қырымнан әскери техникаларының (оның ішінде әскери тікұшақтар да бар - ред.) қалған бөлігін шығармақ.
XS
SM
MD
LG