Accessibility links

Иран келіссөздері мамырда Нью-Йоркте жалғасады


Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздеріндегі делегация жетекшісі Аббас Аракчи.

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздеріндегі делегация жетекшісі Аббас Аракчи.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты алты ел сарапшылары келіссөздерінің келесі кезеңі мамыр айында Нью-Йоркте өтетін болды. Иранның ресми ИРНА агенттігінің хабарлауынша, ядролық келіссөздердегі делегация басшысы Аббас Аракчи келіссөздер БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін Ядролық қаруды таратпау келісіміне қатысты жиынының аясында жүргізілетінін айтқан.

Сәуір айының басында Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай өкілдері Венада Иранның ядролық бағдарламасын реттеу жөнінде ұзақ мерзімді келісім жасау бойынша кеңес өткізген.

Былтыр қарашада Иран мен алты ел алты айға уақытша келісім жасасқан. Ол бойынша Иран ядролық бағдарламасының кейбір тұстарынан бас тартып, есесіне халықаралық қауымдастық бұл елге салған санкцияларын жұмсартатын болған. Келісім биыл қаңтарда күшіне енген.

Халықаралық қауымдастық Иранды құрпия түрде ядролық қару жасамақ деп күдіктенеді. Тегеран күдікті жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы "бейбіт мақсат" көздейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG