Accessibility links

Путин Қырым татарларын ақтайтын жарлық шығарды


Қырым татарларының құқығын қалпына келтіру туралы талап айтылған жазу ұстап тұрғандар. Симферополь, 23 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырым татарларының құқығын қалпына келтіру туралы талап айтылған жазу ұстап тұрғандар. Симферополь, 23 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин 21 сәуірде Қырым татарлары мен екінші дүниежүзілік соғыстың соңында сталиндік депортацияға ұшыраған басқа да халықтарды ақтау туралы жарлық шығарды.

Мемлекеттік кеңестің ұлттық жобалар мен демографиялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі отырысында сөйлеген Путин жарлықтың Қырымдағы татарларға ғана емес, армян, неміс, грек және Сталиннің қуғын-сүргінінен зардап шеккен басқа да ұлттарға қатысы барын айтты.

Қырым тұрғындарының 12 пайызын құрайтын татарлардың көпшілігі Қырымның Украина құрамынан шығып, Реcейге қосылуы туралы 12 наурызда өткен референдумға бойкот жариялаған.

1944 жылы Ялта конференциясы қарсаңында Қырым татарларының көпшілігі "немістермен байланыс орнатты" деген айыппен түбектен күштеп көшірілген еді.

1987 жылы СССР басшысы Михаил Горбачевтің шешімімен Қырым татарларына түбекке қайта оралуларына рұқсат етілді. Содан бері Қырым татарлары Украинаға адалдық танытып, кейбірі Украина парламентіне депутат болып сайланған.
XS
SM
MD
LG