Accessibility links

Турчинов: Террорға қарсы шара жалғасуы керек


Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қарсы "антитеррорлық операцияны" жалғастыруға шақырды.

Турчиновтың айтуынша, 22 сәуірде Славянск қаласы маңында "азаптау белгісі бар" екі адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың бірі - "Батькивщина" партиясының мүшесі Владимир Рыбак. Турчинов Рыбакты таяуда ғана "террористер" ұрлап әкеткенін және бұл қылмыс "Ресейдің толық қолдауымен" жасалып отырғанын айтады.

Славянскідегі және Украинаның шығысындағы өзге де қалалардағы ресейшіл сепаратистер өткен аптада Женевада Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы арасында жасалған келісімді орындамай отыр. Келісім бойынша сепаратистер басып алған үкімет ғимараттарын босатып, қаруларын тапсыруы тиіс болған. Ал Украина үкіметі оларға рақымшылық жариялаған.
XS
SM
MD
LG