Accessibility links

АҚШ Польша мен Балтық бойына 600 сарбаз жібереді


НАТО құрамындағы АҚШ әскерилері. (Көрнекі сурет)
НАТО құрамындағы АҚШ әскерилері. (Көрнекі сурет)
АҚШ Польша мен Балтық бойы елдеріне әскери жаттығуларға қатысу үшін 600 сарбаз жіберетінін хабарлады. АҚШ-тың Италиядағы базасынан жіберілетін әскерилер Польшаға бүгін келіп түспек. Пентагон өкілінің мәлімдеуінше, келесі бірнеше айда олар Латвия, Литва және Эстониядағы әскери жаттығуларға қатыспақ.

НАТО-ның Еуропаның шығысындағы мүше мемлекеттері, оның ішінде Польша мен Балтық бойы елдері бұған дейін Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына байланысты солтүстік альянстың осы аймақтағы рөлін күшейтуге шақырған.

НАТО басшылығы Мәскеу тарапынан көрсетілетін агрессияға тосқауыл қою үшін Еуропаның шығысында әуеде, құрлықта және теңіздегі күштерін нығайтатынын мәлімдеген.

Ресей Украинамен шекарасына он мыңдаған әскерін шоғырландырып қойды. Кремль мұнысы арқылы Украинаға басып кіру ниеті жоғын мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG