Accessibility links

Мәжіліс әуе қорғанысы жүйесін құруды қолдады


Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет)
Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін пленарлық отырысында "Қазақстан мен Ресейдің аймақтық бірыңғай әуе қорғанысы жүйесін құру туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Мәжілістің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, құжат бойынша әуе қорғанысы саласындағы мәселелерді шешу үшін аймақта Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысының аймақтық бірыңғай жүйесі құрылады және ол ТМД елдерінің әуе қорғанысының біріккен жүйесінің бір бөлігі саналады.

Аймақтық бірыңғай әуе қорғанысы жүйесі әскерін Қазақстан мен Ресей президенттері бірге тағайындайтын қолбасшы басқарады. Оның кандидатурасын екі ел қорғаныс министрлері ұсынады.

Заң жобасына сай, екі жақ әскери қауіп туған кезде және соғыс жағдайында өз әскері мен техникасын әр елдің заңдарында қарастырылған тәртіппен қолдану туралы шешімді дербес қабылдауға хақылы.
XS
SM
MD
LG