Accessibility links

ЕҚЫҰ жоғалған тілші тағдырына алаңдайды


Славянскіде АҚШ журналисін кепілге алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Славянскіде ресейшіл белсенділер АҚШ журналисі Саймон Островскийді кепілге алғаны туралы хабарланды. 22 сәуір 2014 жыл.

Украинаның Донецк облысында 22 сәуірде жоғалып кеткен америкалық журналист Саймон Островскийдің қайда екені әлі белгісіз. Кейбір деректер бойынша, журналисті Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер ұстап отыр.

Vice news порталында жұмыс істейтін журналист Twitter әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасын 21 сәуір күні өзін өзі Славянскі қаласының "халық мэрі" деп жариялаған Вячеслав Понамаревтің баспасөз жиынынан жазған еді. Кейін Понамарев алдымен "Островскийдің қамауда отырғанын" мәлімдеп, бірақ соңынан "журналисті ешкім ұстап отырмағанын" айтқан. "Ол бізде, мақала жазып отыр" деген Понамарев Ресейдің "Новости" агенттігіне.

Журналистің Украинадағы ұялы телефоны сөндірулі тұр.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) журналистің тағдырына алаңдаушылық білдірді. Ұйымның БАҚ бостандығы бойынша өкілі Дуня Миятович Саймон Островскийдің дереу босатылуын талап етті.

ЕҚЫҰ өкілі Украинадағы оқиғаларға қатысты барлық тарапты журналистерге жәбір көрсетпеуге, шабуыл жасауды тоқтатуға және олардың кәсіби қызметтерін атқаруларына мүмкіндік жасауға шақырды.

Соңғы күндері Славянскіде шетелдік бірнеше журналист ұсталған. 21 сәуірде сепаратистер италиялық екі журналист Поль Гого мен Коссимо Аттанасионы және беларусь журналисі Дмитрий Галконы босатқан.
XS
SM
MD
LG