Accessibility links

Лавров: Ресей орыстардың мүддесін қорғайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өз елі егер орыс азаматтарының мүддесіне қауіп төнсе, "2008 жылы Оңтүстік Осетияда жасалғандай жауап шараларын" қолданатынын мәлімдеді.

23 сәуірде Ресей мемлекеттік RT телеарнасына берген сұхбатында Лавров "Егер бізге шабуыл жасалса, әрине, оған жауап қайтарамыз. Егер біздің заңды мүдделеріміз, орыстардың мүдделеріне шабуыл жасалса, мысалы, Оңтүстік Осетиядағыдай болса, мен оған халықаралық заңдарға сай жауап беруден өзге жол көріп тұрған жоқпын" деді.

2008 жылы тамызда Ресей әскері Оңтүстік Осетияға басып кіріп, оның соңы Грузия-Ресей қарулы қақтығысына ұласқан еді.

Ол Украинамен шекарада тұрған Ресей әскері Украинаға кірмегенін айтты.

Лавров бұған қоса Украинадағы оқиғаларды "АҚШ басқарып отыр" деп атады. Ол мұны "Киевтің Украинаның шығысында үкімет ғимараттарын басып алғандарға қарсы антитеррорлық операцияларды жалғастыратыны туралы АҚШ вице-президенті Джо Байденнің сапары кезінде мәлімдегені дәлелдейді" деді.

Оның пікірінше, Украина дағдарысы Вашингтонның "геосаяси күресте соққы алғысы келмейтінін көрсетеді".
XS
SM
MD
LG