Accessibility links

Киев мэріне кандидаттар тіркеу басталды


Ураиналық УДАР партиясының жетекшісі, Киев қаласы мэрі қызметіне үміткер Виталий Кличко.
Ураиналық УДАР партиясының жетекшісі, Киев қаласы мэрі қызметіне үміткер Виталий Кличко.
Киевте бүгін қала мэріне сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу басталды. Ол 30 сәуірге дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде 30-ға тарта саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Киев мэрі сайлауына түскісі келетінін білдіріп үлгерді.

Олардың арасында танымал боксшы әрі УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко, қала әкімшілігінің қазіргі басшысы Владимир Бондаренко, парламент депутаты және Еуромайдан белсенділерінің бірі Лесь Оробец, журналист және Еуромайдан белсендісі Игорь Луценко бар.

Киев мэрінің кезектен тыс сайлауы 25 мамырда Украина президентін мерзімінен бұрын сайлаумен қоса өтеді.
XS
SM
MD
LG