Accessibility links

Астанада тұтқындардың туыстары наразылық білдірді


Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылындағы түрмедегі тұтқындардың туыстары қамаудағы жақындары соққыға жығылып, азап көргенін айтып, Астанада жалғыз-жалғыздан наразылық шарасын өткізді.

23 сәуір күнгі бір адамдық пикетті бастаған павлодардық Марина Мищенко қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ғимаратына плакат ұстап барды. Кейін оны оқиға орнынан кеткен соң ұстады.

Азаматтық белсенді Руслан Оздоевтың айтуынша, мұндай шара ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура ғимараты маңында да өткен. Оздоев өзінің сондай шара кезінде бас прокуратура маңында ұсталғанын айтады.

21 сәуірде Астанаға елдің әр түкпірінен келген 13 адам түрмедегі туыстарының соққыға жығылу жайларын тексеріп, арасында өздері мен парламент депутаттары да бар комиссия құруды ұсынғанымен, ол өтініштері орындалмады.

Бұрын Павлодар облысында жазаларын өтеп жатқан 60 тұтқын 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы түрмеге ауыстырылған соң туыстары олардың жаңа колонияда соққыға жығылғандарын айтқан.

16 сәуірде ол түрмеге азаптау мен қатыгездікті тыю жөніндегі комиссия өкілдері барып, шағымданған 40 тұтқынды көргендерін мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG