Accessibility links

Киев: Святогорск қаласы азат етілді


Украина туын ұстап тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)
Украина туын ұстап тұрған адамдар. (Көрнекі сурет)
Украина ішкі істер министрлігі (ІІМ) ресейшіл сепаратистер бақылауында болған Святогорск қаласының "азат етілгенін" хабарлады. Бірақ ресейшіл белсенділердің бұл қаланы басып алғаны туралы ақпарат бұған дейін кездеспеген.

Министрліктің мәлімдеуінше, операция Славянскіге жақын маңдағы ресейшілдер ұстап тұрған қалада болған. Святогорск Украинаның үш облысы - Донецк, Луганск және Харьков облыстарының түйіскен жерінде орналасқандықтан "стратегиялық маңызы бар" дейді ІІМ.

Reuters және France Press агенттіктері бұл қаланың сепаратистер қолына өткені туралы бұған дейін ешқандай ақпарат болмағанын хабарлайды.
XS
SM
MD
LG