Accessibility links

NCOC басшысы отставкаға кетеді


Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі жасанды аралдағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)

Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі жасанды аралдағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)

Қашаған мұнай кенішін игеру жұмыстарын жүргізіп жатқан NCOC (North Caspian Operating Company) консорциумының атқарушы директоры әрі төрағасы Пьер Оффан 1 мамырдан бастап отставкаға кетеді деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

2008 жылдан бері консорциум төрағасы қызметін атқарған Оффанның орнына америкалық Exxon Mobil компаниясының өкілі Стефан де Майю келмек.

Қашағаннан алғашқы мұнай 2013 жылдың қыркүйегінде өндіріле бастаған еді. Бірақ көп ұзамай кеніштің құбырынан бірнеше рет ақау шығып, қазір мұнай өндіру жұмысы тоқтап тұр.

Кенішті игеру мерзімі жоспарланған уақытынан 10 жылға жуық кешігіп отыр. Бұл кезеңде кенішті игеру жобасының құны әуелгі 50 миллиард АҚШ долларынан 135 миллиард АҚШ долларына дейін өскен.
XS
SM
MD
LG